logo

«Ұлытау» украиналық шабуылшыны қатарға қосты

«Ұлытау» украиналық шабуылшыны қатарға қосты

Жезқазғандық «Ұлытау» 32 жастағы украиналық шабуылшы Дмитрий Юсовпен келісімшартқа қол қойғанын хабарлады, деп хабарлайды Sport+.

Юсовтың соңғы клубы румындық «Униря 04 Слобозия» болған. 2024/25 жылғы маусымда украиналық футболшы бұл команда сапында 22 матч өткізіп, небәрі бір гол соққан. Алайда, шабуылшы көбіне ойынға алаңға қосалқы құрамнан шығып, орта есеппен 35 минут ойнағанын атап өткен жөн.

Карьерасында Дмитрий Юсов Украинада «Металлург» (Запорожье), «Черноморец» және «Металлист» клубтарында, Беларусьте «Гранит», «Слуцк», «Торпедо-БелАЗ», «Ислочь» пен БАТЭ-де, сондай-ақ Молдованың «Дачия» клубында өнер көрсеткен.

Бұдан бөлек, ол Украина жастар құрамасында (U21) да ойнаған.