logo

«Ұлы Дала Жорығы» 2024 қашан өтетіні белгілі болды

«Ұлы Дала Жорығы» 2024 қашан өтетіні белгілі болды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында өтетін «Ұлы Дала Жорығы» бірегей марафон-бәйгесінің республикалық іріктеу кезеңі қашан басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Егемен Қазақстан газетіне сілтеме жасай отырып. 

«JORYQ» республикалық ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбеков пен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесуде аталмыш шараның ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Осылайша марафон-бәйгенің басталу нүктесі ретінде Петропавл қаласындағы Абылай ханның мұражай кешені-резиденциясы бекітілді. Жоба 12 мамырда басталып, 17 мамырда Астанада мәресіне жетеді. Бурабай курорттық аймағының, Ботай мен Бозоқ көне мекендерінің көрікті жерлерін басып өтетін марафон-бәйгенің жалпы қашықтығы 500 шақырымды құрайды.

Үздік үштікке енген жеңімпаз командалар қыркүйек айына жоспарланған «Ұлы Дала Жорығы» халықаралық турына қатысады. Қазіргі уақытта өңірлерде іріктеу турлары өтуде. 

Республикалық іріктеу кезеңіндеге үздік нәтиже Қазақстан рекордтар кітабына (KINES) енгізіледі. «Ұлы Дала Жорығы» – жылқы баласының ең мықты тұқымы анықталатын далалық лаборатория.



Күн шежіресі