Қыркүйек айындағы ат спорты әуесқойлары үшін басты оқиға Sport+ эфирінде

Қыркүйек айындағы ат спорты әуесқойлары үшін басты оқиға Sport+ эфирінде

Qazaq Jockey Club Қазақстанда және Орталық Азияда туған үздік сәйгүліктер бас қосатын бәйге күнін өткізеді.

Бағдарлама аясында ірі жүлделер сарапқа салынады:

• 2 жастағы аттарға арналған «Болашақ» жүлдесі. Қашықтық: 1600 метр. Жүлде қоры: 4 000 000 теңге.

• 3 жастағы аттарға арналған «Келешек» жүлдесі. Қашықтық: 2400 метр. Жүлде қоры: 6 000 000 теңге.

Күннің басты бәсекесі — 2-топтағы дәстүрлі жүлде — Алматы ипподромының жүлдесі.

Бұл — биыл 3 жастағы және одан жоғары жастағы аттар арасында 2000 метр қашықтықта өтетін алғашқы салыстырмалы бәйге.

Биылғы жарыстың маңызы ерекше. Ол 96 жылдық тарихы бар аты аңызға айналған Алматы ипподромын сақтап қалу және қайта жаңғыртуға арналған маңызды датаға орай ұйымдастырылады.

Жылдамдық пен сымбатты серілердің жанкүйерлерін асыға күтеміз.



Күн шежіресі