logo

Ұлттық құрамадан күтпеген өзгеріс: үш футболшы тізімнен шығып қалды

Ұлттық құрамадан күтпеген өзгеріс: үш футболшы тізімнен шығып қалды

Дінмұхамед Қашкен, Рамазан Оразов және Максим Самородов 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Македонияға қарсы матчқа Қазақстан құрамасының тізіміне енбеді, деп хабарлайды Sport+ УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған үш футболшының орнына құрамаға Сергей Малый, Дамир Қасаболат және Алмас Төлебай шақырылды.

2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу матчында Қазақстан мен Солтүстік Македония құрамалары 13 қазан күні Скопьеде кездеседі. Ойын Астана уақыты бойынша сағат 23:45–те басталады.



Күн шежіресі