logo

Ұлттық құрама Аустриямен ойынға дайындығын пысықтауда

Ұлттық құрама Аустриямен ойынға дайындығын пысықтауда

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы Аустрия мен Норвегияға қарсы ойындарға дайындығын бастады, деп хабарлайды Sport+ Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ел құрамасы үшінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Аустрия, Словения және Норвегия.

Қазақстандық футболшылар қазірге дейін Норвегиямен (0:0) тең түсіп, одан кейін Словениядан (0:3, 0;1) екі мәрте, Аустриядан (0:4) жеңілді.

Нақты тізімге 27 футболшы енді. Оқу-жаттығу жиыны 11 қараша күні Алматыда басталады.

Ұлттық құрама ойыншыларының тізімі:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Стас Покатилов («Тобыл»), Темірлан Анарбеков («Жеңіс»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Еркін Тапалов (екеуі де – «Тобыл»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»), Мейрамбек Қалмырза, Асхат Балтабеков (екеуі де – «Жетісу»);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан (екеуі де – «Ордабасы»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Аслан Дарабаев («Елімай»), Эльхан Астанов («Астана»), Ислам Чесноков («Тобыл»), Ғалымжан Кенжебек («Акритас», Кипр);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Жан Әли Пайруз («Елімай»).

Енді ел құрамасы 14 қарашада Алматыда Аустрияны қабылдаса, 17 қарашада сырт алаңда Норвегиямен ойнайды.