Украиналық жартылай қорғаушы «Қызылжар» құрамын толықтыруы мүмкін
27 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Алексей Лобов петропавлдық «Қызылжар» құрамына қосылуы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
Қазіргі уақытта жартылай қорғаушы Қырғызстанның «Дордой» командасында өнер көрсетеді. Бұған дейін Алексей Лобов негізінен өз елінде «Колос», «Оболонь» және «Авангард» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ оның мансабында Болгарияның «Хебър» командасы бар.
Өткен маусымда ол бішкектік клуб сапында бар болғаны 3 матч өткізген.