logo

Уимблдондағы Швентектің алғашқы финалы. Швёнтек – Анисимова матчының тікелей эфирі

Уимблдондағы Швентектің алғашқы финалы. Швёнтек – Анисимова матчының тікелей эфирі

Әлемнің төртінші ракеткасы Ига Швёнтек мансабындағы 28-ші финалға шықты.

Бұған дейінгі 27 финалдың 22-сінде польшалық теннисші жеңіске жеткен. «Үлкен дулыға» турнирлерінің финалында оның көрсеткіші — 5:0.

Алайда Уимблдон финалына ол алғаш рет жетіп отыр.

Қарсы тарапта — америкалық Аманда Анисимова. Ол бірінші айналымда қазақстандық Юлия Путинцеваны жеңіп, жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы сенсациялық түрде тоқтатты.

Финалдық матч Астана уақытымен 20:00–де басталады.

Тікелей эфир Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі