logo

UFC жауынгері Азат Мақсұм: Үкіметтен қолдау жоқ, сол себепті жекпе-жектерден бөлек қосымша жұмыс жасаймын

UFC жауынгері Азат Мақсұм: Үкіметтен қолдау жоқ, сол себепті жекпе-жектерден бөлек қосымша жұмыс жасаймын

UFC-дегі қазақстандық жауынгер Азат Мақсұм «SarbazPodcast» Youtube-жобасында қосымша табыс көзі және жекпе-жектерден түсетін ақша туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Жекпе-жектерден бөлек қосымша жұмыс жасаймын, оны жасырмаймын. Үкіметтен қолдау жоқ, сол себепті өзіміз тірлік етіп, арасында жарнамамен де айналысамыз, арасында клубтағы жігіттер қаржылай көмектеседі. Жұмыстағы алатын айлығым жақсы, өзіме жетеді. Жиынға, иә болмаса жекпе-жекке кетіп жатсам, жігіттер түсіністікпен қарап, жұмыстан босатады. UFC-дегі соңғы жекпе-жегімнен келіп, бір аптадан кейін жұмысқа шығып кеттім. UFC-дің гонорар жекпе-жектен кейін 3-4 күннен кейін түседі, ал бонусты екі айдан кейін жібереді. UFC-ден тапқан ақшаны көбінесе өзіме жұмсаймын, әсіресе келесі жек-жекке дайындық кезінде витамин аламын, арасында үйдегілерге көмектесемін, жақындарымның несиесін жабамын», - деді Мақсұм.