Қазақстан U-17 құрамасына жаңа бапкер тағайындалды
Бауыржан Сағындық футболдан Қазақстан 17 жасқа дейінгі құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
36-жасар маман бапкерлік жұмысын 2009 жылы «Ертістің» жастар командасынан бастаған. 2017-2018 жылдары «Ертіс» футбол клубының жастар футболын дамыту бағдарламасының жетекшісі қызметін атқарған. Сонымен қатар, Сағындық «Жұлдыз» және «Ақсу» футбол орталықтарында жұмыс істеген. 2017-2018 жылдары U-20 Қазақстан құрамасының бапкерлік штабында қызмет атқарған.
2022 жылы Бауыржан Сағындық «Ақсу» клубына бас бапкердің көмекшісі ретінде шақыртылған. Соңғы маусымнан бері QJL аналитикалық штабының мүшесі.