logo
Live

Түркістан баскетболшылары - ел чемпионы

Түркістан баскетболшылары - ел чемпионы

Баскетболдан әйелдер арасындағы ұлттық лига үздіктері анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Қазақстан баскетбол федерациясының мәліметіне сәйкес, финалда “Тұран” және “Ақтөбе” командалары кездесті. Нәтижесінде 3:1 (70:62) есебімен түркістандықтар үздік шықты.

Astana Tigers-KazATU ұжымы қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін матчта астаналықтар Алматының “Томирис” клубынан басым түсті.