«Астана» баскетбол клубы бас бапкерінің жаңа ассистенті тағайындалды

«Астана» баскетбол клубы бас бапкерінің жаңа ассистенті тағайындалды

Рустам Мұрзағалиевтің есімі жанкүйерлерімізге жақсы таныс және ол ұзақ жылдар бойы «Астана» тарихымен тығыз байланысты.

Елорда командасының бұрынғы капитаны кәсіби мансабын Алматының ЦСКА және «Алматы» БК клубтарында бастаған. Алайда ойыншылық мансабының басым бөлігін 2012/13 маусымында қосылған «Астана» сапында өткізді.

Клубтағы жылдары Рустам жас ойыншыдан команда капитанына дейінгі жолдан өтіп, «Астана» тарихының маңызды бөлігіне және қазақстандық баскетболдағы ең титулды ойыншылардың біріне айналды.

«Астана» сапында Мұрзағалиев 12 мәрте Қазақстан чемпионы, 11 мәрте Қазақстан Кубогының иегері атанды, WASL турнирінің күміс және қола жүлдесін, сондай-ақ FIBA Азия чемпиондары кубогының қола жүлдесін жеңіп алды.

Рустам Қазақстан ұлттық құрамасының да капитаны болып, халықаралық аренада ел намысын қорғады.

Ол ойыншылық мансабының басым бөлігін «Астанада» өткізді. Енді Рустам Мұрзағалиев клубтағы тарихының жаңа парағын бас бапкердің ассистенті ретінде ашады.



Күн шежіресі