Түркия чемпионатының үздік сұрмергені «Ризеспор» қорғанысын тексермек: «Ризеспор» - «Трабзонспор» ойынның тікелей эфирі

«Трабзонспор» баяғы даңқын біртіндеп қайтарып жатыр. Қазіргі таңда «Дауылдар» Түркия Суперлигасында 8-турдан кейін екінші орында тұр. Бұған қарқын алған сұрмерген Пол Онуачудың қосқан үлесі зор.
31-жасар нигериялық шабуылшы қазіргі уақытта Суперлиганың ең үздік сұрмергені — ол 8 ойында 6 гол соқты. Соңғы үш матчта оның еншісінде 4 гол бар.
«Ризеспор» да үзіліске жақсы көңіл-күймен кетті — олар сырт алаңда «Антальяспорды» 5:2 есебімен ойсырата жеңді.
Бұл командалар арасындағы 9-тур матчы 18 қазан күні сағат 19:00–де өтеді.
Тікелей көрсетілім sportplustv.kz сайтында жоспарланған.