Турдың ең көп талқыланатын матчы: «Жеңіс» — «Ақтөбе» ойынының тікелей эфирі
«Ақтөбе» матчтары үлкен жанкүйерлік базасының арқасында әрдайым турдағы ең көп талқыланатын ойындардың бірі саналады. Ал бұл жолы қызығушылықты арттыра түсетін факторлар да жетерлік: Нани трансфері, бапкердің ауысуы және Штефан Таркович жетекшілігіндегі алғашқы матчтар.
Ал «Жеңіс» те қазір назарда. Әли Әлиев жаттықтыратын команда ел чемпионатының 5 турында әлі жеңіске жете алмай, үш тең ойыннан небәрі 3 ұпай ғана жинады. Соңғы турда олар Кызылжар командасынан 0:4 есебімен ойсырай жеңілді.
Елордадағы бұл матч Әлиевтің клубтағы болашағына, сондай-ақ «Ақтөбе» командасының жүлдеге таласу мүмкіндігіне қатысты көптеген сұрақтарға жауап беруі мүмкін.
Ойын сағат 17:00–де басталады. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.