logo

«Тұран» Ресей жастар құрамасының шабуылшысымен толықты

«Тұран» Ресей жастар құрамасының шабуылшысымен толықты

«Тұран» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысатын команда құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Түркістандық клубтың сапында 19 жастағы Ресей жастар құрамасының шабуылшысы Лука Згурский бар. Ол өткен маусымды Өзбекстанның «Андижан» клубында өткізген.

ЦСКА футбол мектебінің түлегі Суперлигада 14 матч өткізіп, 1 гол соққан.

Сонымен қатар, Лука Ресей жастар құрамасының сапында екі матчқа қатысқан.