logo

«Тұран» беларусиялық қақпашымен келісім шарт жасасты

«Тұран» беларусиялық қақпашымен келісім шарт жасасты

Түркістанның «Тұран» футбол клубы белоруссиялық қақпашы Владислав Василючекпен келісім шартқа қол қойған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Betnews.by сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сай келісім шарт мерзімі ағымдағы маусымның соңына дейін. Бірақ бұл спортшы әлі тізімге енгізілмеген.

Голкипер көбінесе өз отанындағы клубтардың сапында ойнаған. Соңғы рет Әзірбайжанның «Кяпаз» командасының құрамында болған. Сонымен қатар, Беларусь жастар құрамасында матчтар өткізген. 

Қазіргі уақытта «Тұран» ел чемпионатында жетінші орында және үш турдан кейін еншісінде төрт ұпай бар.



Күн шежіресі