«Тұлпар» есе қайтара ала ма? «Тұлпар» — «Аят» матчының тікелей эфирі
Теміртауда футзалдан Суперлига аясында «Тұлпар» — «Аят» матчы өтеді.
19 қыркүйекте бұл командалар арасындағы алғашқы кездесу өтіп, қонақтардың 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. «Тұлпар» сапында Малибеков гол соқса, «Аят» құрамында Жеже дубль жасап, тағы бір голды Лукас соқты.
Осы командалардың кезекті кездесуі 20 қыркүйек күні сағат 17:00–де өтеді.
Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.