logo

«Трабзонспор» өз алаңында «Галатасарайды» жеңді (видео)

«Трабзонспор» өз алаңында «Галатасарайды» жеңді (видео)

Түркия чемпионатының 28-туры аясында «Трабзонспор» өз алаңында «Галатасарайды» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Кездесудің есебі ойынның 4-минутында ашылды — Пол Онуачу алаң иелерін алға шығарды. Екінші таймның басында, 48-минутта Синго таразы басын теңестірді. Алайда 62-минутта Нваиву гол соғып, «Трабзонспорға» жеңіс сыйлады.

Осылайша, турнирдің 28-турында «Трабзонспор» маңызды үш ұпайға қол жеткізді.



Күн шежіресі