Токиода жылдың қорытынды турнирі өтеді
Токиода дзюдодан әлемдік Гран-придің соңғы кезеңі өткізіледі. Жапония астанасында көптеген жұлдыздардың басын қосатын Grand Slam ұйымдастырылмақ. Жүлделер мен рейтингтік ұпай үшін Қазақстан құрамасы да күреседі, деп хабарлайды Sport+.
Жарысқа 47 елден 286 спортшы қатысады. Қазақстан құрамасының бапкерлік кеңесі әлі нақты тізім жарияламады, дегенмен халықаралық федерация ақпараты бойынша турнирге қатысатын 11 дзюдошының есімі белгілі. Бұл құрам әлі де өзгеруі мүмкін.
Ерлер
60 кг. Даурен Суюкенов
60 кг. Шерзод Давлатов
73 кг. Бахытжан Абдурахманов
81 кг. Жалғас Кайролла
90 кг. Мейірлан Максим
100 кг. Әділет Сапарғалиев
Әйелдер
52 кг. Толғанай Абеуова
57 кг. Дана Абдирова
63 кг. Самалай Ергалиева
+78 кг. Назгүл Маратова
+78 кг. Карина Такиева