logo

«Тобыл» мен «Ордабасы» Шымкентте бес гол соқты және турдың басқа нәтижелері (видео)

«Тобыл» мен «Ордабасы» Шымкентте бес гол соқты және турдың басқа нәтижелері (видео)

21-турдың екінші ойын күнінде Қазақстан чемпионатының төрт матчы бір уақытта өтті, деп хабарлайды Sport+.

Ел астанасында «Астана» «Ұлытауды» 4:0 есебімен ойсырата жеңді. Гол авторлары — Камара, Эбонг, Чинеду және Цомай.

Талдықорғанда «Жетісу» мен «Атырау» 0:0 есебімен тең түсті, ал Ақтөбеде жергілікті клуб Артур Шушеначевтің дублі арқасында «Оқжетпестен» 2:1 есебімен жеңісті жұлып алды.

Ал Шымкентте «Ордабасы» «Тобылдан» 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Қостанайлықтардан гол соққандар — Эль-Мессауди мен Тағыберген, ал шымкенттіктерден — Эльхан Астанов пен Эвертон.



Күн шежіресі