«Тобыл» Конференциялар лигасында тең ойнады

«Тобыл» Конференциялар лигасында тең ойнады

Қостанайдың «Тобыл» клубы УЕФА Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчта Литваның «Паневежис» командасымен 1:1 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды Sport+.

Паневежис қаласында өткен кездесуде алаң иелері бірінші таймның аяқталар сәтінде есеп ашты. 45-минутта Сейдина Кейта мергендігімен көзге түсті.

Қазақстандық клуб матчтың соңғы бөлігінде таразы басын теңестірді. 84-минутта қорғаушы Неманья Кавнич гол соғып, «Тобылға» жауапты қарымта кездесу алдында маңызды тең нәтижені сыйлады.

Қарымта ойын 30 шілде күні Қостанайда өтеді. Бұл ойында үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алған команда анықталады.

«Паневежис» (Литва) — «Тобыл» (Қазақстан) — 1:1

Голдар: Сейдина Кейта, 45 — Неманья Кавнич, 84.



Күн шежіресі