Тимофей Скатов Уимблдон-2026 іріктеуінің финалына шықты
Қазақстанның ерлер арасындағы жекелей сындағы үшінші ракеткасы Тимофей Скатов Уимблдон-2026 турнирінің іріктеу кезеңіндегі екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+.
Әлемдік рейтингте 178-орында тұрған қазақстандық теннисші іріктеудің екінші айналымында әлемнің 185-ракеткасы, швециялық Элиас Имермен кездесті.
Матч екі сетке ғана созылып, Скатовтың 6:4, 6:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер кортта 1 сағат 10 минут өткізді. Осы уақыт ішінде қазақстандық спортшы үш эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және бес брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Тимофей Скатов Уимблдон турнирінің іріктеу финалына жолдама алды. Шешуші кезеңде оның қарсыласы италиялық Андреа Гуэррири мен франциялық Кириан Жаке арасындағы матчтың жеңімпазы болады.
Скатов — Уимблдон-2026 іріктеу кезеңіне қатысып жатқан Қазақстанның жалғыз өкілі. Ал ерлер арасындағы «Үлкен дулыға» санатындағы шөп төсенішіндегі турнирдің негізгі кезеңіне Александр Бублик пен Александр Шевченко тікелей жолдама алған.