logo

Тимофей Скатов Шымкенттегі ATP Challenger турнирінің финалына шықты

Тимофей Скатов Шымкенттегі ATP Challenger турнирінің финалына шықты

Шымкентте өтіп жатқан ATP Challenger 50 сериясындағы турнирдің бірінші ракеткасы, отандасымыз Тимофей Скатов жекелей сында сенімді түрде финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ ҚТФ сілтеме жасап. 

Шешуші кезеңге өту үшін өткен бәсекеде Скатов (№ 198 АТР) франциялық Антуан Гибодомен (№ 325 АТР) шеберлік байқасты. 1 сағат 23 минутқа созылған кездесу қазақстандық теннисшінің толық басымдығымен өтіп, 6:2, 6:2 есебімен аяқталды.

Тимофей бұл матчта өз добын беруде жинақылық танытып, екі эйс жасады. Ол қарсыласының қателіктерін ұтымды пайдалана отырып, екі сетте де айқын басымдыққа ие болды.

Турнирдің басты кездесуінде жарыстың көшбасшысы Өзбекстан өкілі Сергей Фоминмен (№ 359 АТР) кездеседі.



Күн шежіресі