logo

Теннистен Қазақстан — Корея матчын Александр Шевченко бастайды

Теннистен Қазақстан — Корея матчын Александр Шевченко бастайды

Чхунчхон қаласында Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында Қазақстан — Корея арасында өтетін плей-офф матчының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

12 қыркүйек күні жарыс шымылдығын Александр Шевченко ашады. Ол Чон Хенмен ойнайды.

Содан кейін Александр Бублик Квон Сун Вумен шеберлік байқасады.

13 қыркүйек күні Бейбіт Жұқаев — Тимофей Скатов жұбы Нам Чжи Сун — Пак Уй Сунмен кездеседі. Сосын Александр Шевченко — Чон Хен, Александр Бублик — Квон Су Вон бәсекелері жоспарланған.

Ойындар Songam Sport Town хард төсенішіндегі кортында өтеді.

Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Ойындар үш сеттік форматта өтеді. Регламентке сәйкес әр құраманың капитаны бәсеке басталмастан кемінде бір сағат бұрын ойыншыны алмастыра алады.

Beeline Janymda. Матчтарды көріп, алған әсеріңізді кез келген жерде бөлісіңіз!



Күн шежіресі