logo

Тен Хагтың «Леверкузендегі» дебюті. «Зонненхоф» – «Байер» матчының тікелей эфирі

Тен Хагтың «Леверкузендегі» дебюті. «Зонненхоф» – «Байер» матчының тікелей эфирі

«Байер Леверкузен» жазда құрамын едәуір жаңартты — клубқа ПСВ-ден Малик Тильман, «Ливерпульден» Джарел Куанса және тағы бірнеше ойыншы қосылды.

Бірақ ең басты өзгеріс — команданың тізгінін жаңа бапкер ұстады. Ол — нидерландтық маман Эрик тен Хаг. Манчестерде ісі алға баспағаннан кейін, ол бағытын Германияға бұрды. Бұл елде ол бұрын да жұмыс істеген — екі маусым бойы «Бавария II» командасын жаттықтырған. Алайда «Байер» — бұл мүлде басқа деңгей, жаңа сынақ.

Және бұл сынақты сәтті бастауға мүмкіндік бар — алғашқы ойында қарсылас аса қауқарлы емес. Олар — Германияның төртінші лигасында ойнайтын «Зонненхоф» клубы.

Германия кубогы аясындағы матч Астана уақытымен 21:00–де басталады. Ойынды тікелей эфирде sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі