Темірлан Көлбай самбодан әлем чемпионы атанды
Астанадағы самбодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Sport+
+98 келі салмақ дәрежесінде Темірлан Көлбай финалда моңғолиялық Пуревдорж Дамдинсуренді жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Бұған дейін Армат Қабдолов, Арайлым Әбенова, Маратбек Рахметуллин және Құралай Қабырайқызы біріншіліктің қола жүлдегері атанған еді.
Жарысқа сексеннен аса мемлекеттен 470 спортшы қатысуда, оның ішінде Қазақстан намысын 28 спортшы қорғап жатыр.