Тбилисиде дзюдодан гран слэм аяқталды
Грузиядағы Grand Slam бәсекесінің соңғы күнінде қос қазақстандық спортшы қола медальға күресті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ислам Бозбаев үшінші орын үшін белдесуде австриялық спортшыға ұтылды. Аса ауыр салмақтағы Ерасыл Қажыбаев кілем қожайынына есе жіберді.
Қазақстан командасы Тбилисидегі жарысты бір алтын, бір қола медальмен аяқтады. 60 келіде Нұрқанат Серікбаев чемпион атанып, 48 келіде Ғалия Тынбаева үшінші орынға табан тіреді.