logo

Тәжікстанның тарихи матчы. Азия Кубогының 1/8 матчын қайдан көруге болады?

Тәжікстанның тарихи матчы. Азия Кубогының 1/8 матчын қайдан көруге болады?

28 қаңтар күні Катарда Азия Кубогының плей-офф кезеңі басталады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойын күнінің шымылдығын Аустралия мен Индонезия матчы түреді. Бұл ойын сағат 17:30-да  Sport Plus Qazaqstan  телеарнасында көрсетіледі.

Сағат 22:00-де футболсүйер қауымды Тәжікстан мен БАӘ матчы күтіп тұр.

Қос команда да топтық кезеңде 4 ұпайдан жинаған. Бірақ өткен Азия Кубогында жартылай финалға шығып, сол кезде чемпион атанған Катар құрамасына ғана ұтылған Араб Әмірліктерінің командасы үшін 1/8 финалға шығу аса таң қаларлық жағдай емес.

Ал, Тәжікстан құрамасы үшін бұл - үлкен жетістік. Тәжіктер өз тарихында тұңғыш рет Азия Кубогының плей-офф кезеңіне өтіп отыр. Олар Қытаймен тең түсіп, Ливаннан айласын асырып, жанкүйерлеріни қуантып келеді.

БАӘ өз тобында Гонконгты жеңіп, Палестинамен 1:1 тең түсті. Тек топ лидері Иранға жол берді.

Тәжікстан командасын хорват Петер Сегрт жаттықтырса, БАӘ бас бапкері – португалдық Пауло Бенту.

Араб Әмірліктерінің үздік бомбардирі қос голдан соққан 19-жасар Сұлтан Әділ және Яхья Әл Ғассани болса, Тәжікстанда жоғары көрсеткіші бар ойыншы жоқ, өйткені команда жалпы саны 2 ғана гол салған. 

БАӘ және Тәжікстан командалары соңғы рет 2023 жылдың наурыз айында жолдастық матч аясында кездескен. Бұл ойын 0:0 есебімен аяқталған еді.

Астана және БАӘ арасындағы матч Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасының сайтынан тамашалай аласыздар.



Күн шежіресі