Тарлан Сарбаз – Қазақстандық дербиінің жеңімпазы (видео)

Алматыда маусымның басты бәйгелерінің бірі — Қазақстандық дерби өтті. 3 жасқа дейінгі тұлпарлар 2400 метр қашықтықта сынға түсті, деп хабарлайды Sport+.
Жеңімпаз ат Тарлан Сарбаз болды, тізгін ұстаған — Рамазан Табылдиев. Жылқының иесі — Петр Карабельников.