logo

Станислав Черчесов – Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері

Станислав Черчесов – Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне ресейлік маман Станислав Черчесов тағайындалды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Станислав Черчесов футболшы кезінде «Спартак» (Орджоникидзе), «Спартак» (Мәскеу), «Локомотив» (Мәскеу) және «Динамо» (Дрезден, Германия) сияқты клубтарда ойнаған.

Жаттықтырушы ретінде ресейлік «Спартак» (Мәскеу), «Жемчужина», «Терек», «Амкар», «Динамо» (Мәскеу) сынды командаларда жұмыс істеген. Сондай-ақ Станислав Черчесов Польшаның «Легиясын», Ресей құрамасын және Мажарстанның «Ференцварошын» басқарды.



Күн шежіресі