Станимир Стоилов «Гезтепе» клубымен келісімшартын ұзартты

«Астана» және Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов Түркияның «Гезтепе»клубымен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Sport+ клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа келісім 2026/27 маусымының соңына дейін, бір жылға ұзарту мүмкіндігімен жасалған. Қазіргі таңда «Гезтепе» Түркия Суперлигасының турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр.
Еске сала кетсек, Стоилов 2014-2018 жылдар аралығында «Астананы» басқарды. Оның жетекшілігімен клуб төрт рет қатарынан Қазақстан чемпионы атанып, сондай-ақ ел тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Бұдан бөлек, Стоилов екі рет «Астананы» Еуропа лигасының топтық кезеңіне, ал бір мәрте 1/16 финалына дейін жеткізді.