«Спортинг» АВС қақпасына алты гол соқты (видео)
«Спортинг» Португалия чемпионаты аясында өз алаңында АВС командасын аяусыз талқандап, қарсылас қақпасына жауапсыз алты гол соқты.
Кездесудің басты қаһармандары Луис Суарес, Макси Араухо және Жени Катаму болды — олардың әрқайсысы екі голдан соғып, алаң иелеріне 6:0 есебімен ірі жеңіс әкелді.
«Спортинг» 35 ұпай жинап, чемпионат көшбасшысын қууды жалғастыруда.