Sport+ Резников пен Раисов арасындағы реваншты көрсетеді

8 ақпанда Краснодарда ММА бойынша АСА 183 үлкен турнир өтеді, оның басты жекпе-жегі Альберт Туменов пен Абубакар Вагаев арасындағы жартылай орта салмақтағы титулдық текетірес болады.
Сондай-ақ, турнирдің негізгі карды аясында қазақстандық Артем Резников пен ресейлік Юсуф Раисов арасында көптен күткен реванш өтеді.
Бірінші жекпе-жек Артем жеңіс жетті. Аталмыш жұптың реваншы 2024 жылдың соңында өтуі керек еді, бірақ Артемнің ауырып қалуына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.
Тікелей эфирде негізгі кардты Sport+ телеарнасында тамашалауға мүмкіндік бар, ал бүкіл турнирді sportplustv.kz сайтынан көруге болады. Турнирдің басталуы сағат 18:00–де, ал негізгі кард 21:00–де басталады.