«Специя» Италия Кубогының 1/16 финалына шықты (видео)

Футболдан Италия Кубогының 1/32 финалы аясында «Специя» өз алаңында «Сампдорияны» жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталмады – 1:1. Лиэм Хендерсонның голына алаң иелері Габриэле Артистиконың дәл соққысымен жауап берді.
Пенальти сериясында «Специя» ойыншылары дәлірек болды – 4:2.