logo

Сот боксшы Алмас Жолдасовты атып өлтіргендердің жазасын өзгеріссіз қалдырды

Сот боксшы Алмас Жолдасовты атып өлтіргендердің жазасын өзгеріссіз қалдырды

Арыста Алмас Жолдасовты өз үйінің ауласында атып кеткендердің жазасы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Sport +.

«Черный Алмас» сотталушылардың туысын өлтірді деген желеумен бір әулеттің жігіттері кек қайтару үшін жиналған.

Олар екі адамды дайындап, қаруына дейін сайлап берген. Кісі өлтірген ағайындының екеуі 20 жылға, ал 24, 26 және 20 жастағы қылмысты ұйымдастырушылар 25 жылға сотталған еді. 

Сонымен қатар марқұмның туыстары Алмастың ешкімді өлтірмегенін, бұл ақпараттың жалған екенін айтты.

«Қастандықтың жасалуына бизнестегі бәсеке себеп болды. Мәселе сөзбен шешілмеген соң, ұйымдастырушы жақ қой бағып жүрген екі малшысын дайындап, қаруын сайлап бергені және Алмастың бұрын адам өлтіргені туралы ақпараттың жалған екені сотта дәлелденді», – дейді Алмастың жақындары.