Шорт-тректен жастар арасындағы Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандықтар белгілі болды
7-9 қараша аралығында Астанада шорт-тректен Әлем кубогының кезеңі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жарыста Қазақстан намысын он спортшы қорғайды.
Құрамға төмендегі спортшылар енді:
— Полина Омельчук
— Анастасия Галечина
— Райана Манарбекова
— Нұрия Алпысбай
— Гүлдана Жалмұхан
— Асылхан Қасымбек
— Мадияр Мадихов
— Павел Цой
— Богдан Вехов
— Тамирлан Жолдас