Солтүстіктегі шайқас. «Қызылжар» – «Жеңіс» матчының тікелей эфирі

Қазақстан чемпионатының 21-туры аясында солтүстік дербиде Петропавлдың «Қызылжар» және елордалық «Жеңіс» командалары кездеседі.
Андрей Демченконың шәкірттері чемпионатта қатарынан 9 матч бойы жеңіліссіз келе жатыр, ал Милич Чурчич жаттықтыратын «Жеңіс» соңғы 12 ойынның тек біреуінде ғана жеңіске жеткен. Дегенмен, «Қызылжар» өз алаңында, жанкүйерлерінің қолдауымен ойнайды.
Бірінші айналымда бұл командалар 0:0 есебімен тең түскен болатын.
Жаңа кездесу 16 тамыз күні сағат 18:00–де басталады. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және sportplustv_qaz YouTube арнасынан көруге болады.