logo

Сигневичтің қос голы «Атырауға» сырт алаңда жеңіс сыйлады, ал «Жеңіс» Түркістанда жеңілістен аман қалды

Сигневичтің қос голы «Атырауға» сырт алаңда жеңіс сыйлады, ал «Жеңіс» Түркістанда жеңілістен аман қалды

Футболдан QFL Olimpbet Премьер-лиганың 25-ші турының аясында «Атырау» Талдықорғанда «Жетісудан» басым болды, ал елордалық «Жеңіс» Түркістанда «Тұранмен» өткен матчта жеңілістен аман қалды, деп хабарлайды Sport+.

Талдықорғандағы ойын 2:0 есебімен «Атыраудың» пайдасына аяқталды. Қос голды «мұнайшылардың» беларустық шабуылшысы Николай Сигневич атанды. 

Түркістанда өткен матчта «Тұран» командасы 1-минутта есеп ашты - Павел Киреенко қанжығасын майлады, бірақ екінші таймда «Жеңіс» есепті Ян Труфановтың күшімен теңестіре алды.