Серия А клубы 48 жастағы Франческо Тоттиге ойын мансабын қайта бастау туралы ұсыныс жасады
Италия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Франческо Тотти 48 жасында ойын мансабын қайта бастауы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
Серия А-дағы «Комо» клубы «Романың» экс-капитанына осы маусымның соңына дейін келісімшарт ұсынған. Тоттидің өзі мансабын қайта бастау мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Франческо Тотти «Рома» сапында 1992/1993 маусымынан 2017/2018 маусымына дейін ойнаған. Осы кезеңде ол барлық турнирлерде 783 ойын өткізіп, 307 гол соғып, 209 нәтижелі пас берген.
Қазіргі таңда ең егде кәсіби футболшы болып 57 жастағы жапондық Кадзуеси Миура саналады. Ол Жапония чемпионатының төртінші дивизионында «Атлетико Судзука» командасы үшін ойнап жүр.