Сенегал, Конго ДР және Бенин Африка Ұлттар кубогының плей-офф кезеңіне шықты (видео)
D тобының командалары топтық кезеңдегі соңғы матчтарын өткізді.
Конго Демократиялық Республикасының құрамасы Ботсвананы 3:0 есебімен жеңді. Голдарды Натанаэль Мбюкю мен дубль авторы Гаэль Какута соқты.
Параллель өткен ойында Сенегал құрамасы Бенинді 3:0 есебімен ұтты. Голдар Абдулайе Сек, Хабиб Диалло және Шериф Ндиайенің еншісінде.
Осылайша, Сенегал бірінші орынды иеленді, ДР Конго — екінші, ал Бенин үшінші орын алған командалар арасындағы ең үздік төрт құраманың қатарына кірді. Үш құрама да турнирді плей-офф кезеңінде жалғастырады.