«Шахтер» Премьер-лигада өнер көрсеткен үш футболшымен толықты
Қарағандылық «Шахтер» қазақстандық футболшылар Олжас Керімжанов, Рафаиль Оспанов және Рифат Нұрмұғаметпен келісімшарттарға қол қойылғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
35 жастағы орталық қорғаушы Олжас Керімжанов соңғы екі маусымды «Атырауда» өткізді. Сондай-ақ, ойыншы мансабында «Тұран», «Жетісу», «Астана», «Оқжетпес» сияқты клубтар өнер көрсетті. Керімжановтың Қазақстан құрамасы сапында өткізген 5 ойыны бар.
27 жастағы жартылай қорғаушы Рафаиль Оспанов мансабын «Атырау» құрамында бастады. Өткен жылы петропавлдық «Қызылжар» сапында 19 матч өткізді.
28 жастағы қапталда өнер көрсететін Рифат Нұрмұғаметтің соңғы клубы түркістандық «Тұран» клубы болды. Аталмыш команда құрамында ол 51 матч өткізді. Футболшы «Қайрат», «Ақтөбе», «Мақтаарал», «Жетісу» және әзірбайжандық «Сумгайыт» сияқты командаларда ойнады.