Шавкат Рахмонов жеңіс сериясын жалғастырды. Лас Вегастағы жекпе-жек нәтижесі
Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC-310 турнирінде Қазақстан жанкүйерлері көптен күткен жекпе жек өтті, деп хабарлайды Sport+.
Жеңіліс дәмін татпаған Шавкат Рахмонов (18-0) өз мансабындағы UFC лигасындағы жетінші кездесуін өткізді. Оның қарсыласы - ирландиялық Иэн Гэрри (15-0).
Орта салмақтағы бес раундқа жалғасқан бұл жекпе жектің жеңімпазы төрешілер шешімімен анықталды. Осылайша, 48:47 нәтижесімен Шавкат Рахмонов жеңіске жетті.
Жекпе-жектен кейінгі сұхбат барысында Шавкат осы кездесуге шыға алмаған UFC чемпионы Белал Мухаммадты (24-3) ортаға шығарып, жақын арада кездесу ұйымдастырылатынына уәделесті.
Естеріңізге сала кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы рет бір жыл бұрын жұдырықтасқан еді. Ол 2023 жылдың желтоқсан айында америкалық Стивен Томпсоннан (17-8-1) басым түскен.