«Саутгемптон» қорғаушысы «Галатасарайға» көшуі мүмкін

Инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, «Галатасарай» «Саутгемптонға» оң қапталдағы қорғаушы Кайл Уокер-Питерсті трансфер жайлы ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Sport+.
Ағылшын клубы ойыншыны сатуды жоспарламайды, бірақ футболшының келісімшарты алты айдан кейін аяқталатындықтан, қолайлы сома ұсынылған жағдайда бұл ұсынысты қарастыруға дайын.
Айта кету керек, АПЛ-дің көптеген клубтары Уокер-Питерсті жазда еркін агент ретінде трансферлеуге қызығушылық танытып отыр.
Кайл – «Тоттенхэмнің» түлегі. «Саутгемптон» оны 2020 жылдың қаңтарында маусымның соңына дейін жалға алып, кейін 13,3 миллион еуроға толықтай сатып алған.
Осы маусымда қорғаушы 22 матчқа қатысып, 2 нәтижелі пас берген.
Еске сала кетейік, Түркия Суперлигасының барлық матчтарын Қазақстан аумағында Sport+ телеарнасынан тамашалауға болады.