Самсон Аракелян FIBA Азия кубогының делегаты болып тағайындалды
«Астана» кәсіпқой баскетбол клубының бас директоры Самсон Аракелян FIBA Азия кубогының іріктеу алдындағы турниріне техникалық делегат болып тағайындалды, деп хабарлайды Sport+.
2026 жылғы 26-31 тамыз аралығында Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында 2029 жылғы FIBA Азия кубогының іріктеу алдындағы турнирі өтеді. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Палестина, Шри-Ланка және Мальдив аралдарының ұлттық құрамалары қатысады.