Самородовтың голы «Ахматқа» Әліптің «Зенитімен» өткен матчта жеңіс әкелмеді

Футболдан Ресей Кубогының РПЛ жолының плей-офф ширек финалының жауапты матчында «Ахмат» пен «Зенит» кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Матч Грозныйдағы «Ахмат Арена» стадионында өтті және 2:1 есебімен «Зениттің» жеңісімен аяқталды. Қонақтардың сапынан Лусиано Гонду (15-минутта) және Артур (72-минутта) гол соқты. Ал «Ахмат» құрамында қосалқы құрамнан шыққан қазақстандық шабуылшы Максим Самородов 90+1-минутта есепті қысқартты. «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп бұл ойында қосалқы құрамда қалды.
Осылайша, екі матчтың қорытындысы бойынша (3:0, 2:1) «Зенит» РПЛ жолының Кубок ширек финалынан жартылай финалға өтті. Ал «Ахмат» күресін Аймақтық жолдың ширек финалының екінші кезеңінде жалғастырады.