Самоделкина Денис Тен мемориалына қатыспайды

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Алматыда өтетін Денис Тен мемориалына қатыспайды, деп хабарлайды Sport+.
«Достар, өкінішке қарай, жарақатыма байланысты Denis Ten Memorial жарысына қатыса алмаймын. Қолдауларыңызға рақмет», — деп жазды Софья әлеуметтік желілерде.