logo

Самбошылар тарихи әлем чемпионатына дайындық жүргізуде

Самбошылар тарихи әлем чемпионатына дайындық жүргізуде

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында самбодан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатының алдындағы соңғы жаттығу жиыны өтуде, деп хабарлайды Sport+.

Дәл осы аренада спорттық және жауынгерлік самбодан, сонымен қатар көру мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты 8–10 қараша аралығында өтеді. 

 «Осы аренада жаттығудамыз. Спортшылар толық құрамда келді. Алда әлем чемпионаты болғандықтан, өте белсенді түрде жаттығып, біріншілікке дайындық жүргізіп жатырмыз», — деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Біржан Имаханов

Қазақстандағы әлем чемпионаты жаңа санаттардың енгізілуіне байланысты тарихта қалмақ. Алғаш рет жауынгерлік самбодан әйелдер арасында және класс SVI1 санатындағы көру қабілетінен айырылған спортшылар арасында жүлделер ойнатылады. Оған қоса бұл біріншілік 2025 жылы Чэндуда өтетін Дүниежүзілік Ойындарға соңғы іріктеу болып саналады.