Самат Жарынбетов: «Тобылмен бірге мен Қазақстанда мүмкін болатын барлық жүлделерге қол жеткіздім»
29-жасар қазақстандық жартылай қорғаушы Самат Жарынбетов «Тобылмен» және клуб жанкүйерлерімен қоштасты.
- Құрметті «Тобыл» футбол клубының жанкүйерлері мен қызметкерлері! Міне, менің мансабыма өзгеріс еңгізуге уақыты келді. Бірге өткізген осы жеті жыл үшін сізге үлкен рахмет. Барлық ұжымға, команда және клуб қызметкерлеріне алғысым шексіз! Бұл керемет уақыт болды.
«Тобылмен» бірге мен Қазақстанда мүмкін болатын барлық жүлделерге қол жеткіздім. «Тобыл» ойыншысы ретінде мен ұлттық құрамада және еурокубоктарда дебют жасадым. «Тобыл» мен Қостанай менің жүрегімде мәңгі! Барлығына сәттілік! Алға, «Тобыл»!
Маусымның қорытындысы бойынша Самат «Ордабасыға» ауысатыны белгілі болды.