logo

Салах пен Мане Африка ұлттар кубогына қатысады

Салах пен Мане Африка ұлттар кубогына қатысады

Мохамед Салах пен Садио Мане Африка ұлттар кубогында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойындар 13 қаңтар мен 11 ақпан аралығында аталған мемлекеттің Абиджан, Корото, Сан-Педро, Буаке, Ямусукро секілді 5 қаласында орналасқан 6 стадионда өтеді. 

Дүбірлі доп додасында барлығы 24 құрама 6 топқа бөлінген.

Құрамалардың топтарға бөлінуі төмендегідей:

А тобы: Нигерия, Кот-д’Ивуар, Экваториалды Гвинея, Гвинея-Бисау;

В тобы: Кабо-Верде, Мозамбик, Гана, Египет;

С тобы: Гамбия, Гвинея, Сенегал, Камерун;

D тобы: Алжир, Буркина-Фасо, Ангола, Мавритания; 

Е тобы: Намибия, Мали, Оңтүстік Африка, Тунис;

F тобы: Марокко, Замбия, Конго Демократиялық Республикасы, Танзания.

Әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрама мен үшінші орын алғандар арасында үздік көрсеткішке қол жеткізген төрт құрама 1/8 финалға жолдама алады. 

Африка ұлттар кубогында мысырлық Мохамед Салах («Ливерпуль», Англия), сенегалдық Садио Мане («Аль-Наср», Сауд Арабиясы), камерундық Виктор Осимхен («Наполи», Италия) секілді жұлдызды ойыншыны алады. 



Күн шежіресі