Шайбалы хоккейден ӘЧ: Финалда Чехия мен Щвейцария кездеседі
Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты элиталық дивизионында финалға шыққан екі құрама анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жартылай финалдың алғашқы жұбында Швеция және Чехия құрамалары шеберлік байқасты. Алғашқы кезеңде қос құрама тең дәрежеде ойнады. Қалған екі кезеңде чехиялық құраманың белсенділігі байқалды.
Нәтижесінде Чехия құрамасы қарсыласын 7:3 есебіен тізе бүктірді.
Тағы бір ойында Канада мен Швейцария кездесті. Ойынның негізгі кезеңі 2:2 есебімен тең аяқталып, буллиттен швейцариялық құрама басым түсті.
Енді 26 мамырда өтетін финалда Чехия мен Швейцария кездессе, 3-орын үшін Швеция мен Канада шеберлік байқасады.