logo

Сағадат Тұрсынбай: Мақсат — жанкүйерлерді қуанта отырып, туған клубқа пайда әкелу

Сағадат Тұрсынбай: Мақсат — жанкүйерлерді қуанта отырып, туған клубқа пайда әкелу

«Ордабасы» қорғаушысы Сағадат Тұрсынбай Sport+ Qazaqstan сайтына берген сұхбатында жарақаттан кейінгі қалпына келу процесі, алдағы маусымға қойған мақсаттары мен Қазақстан ұлттық құрамасына шақыруды қалайтыны туралы айтып берді.

 — Жарақаттан кейін қалпына келу қалай жүріп жатыр? Қашан ойындарға қайта оралу күтілуде?

— Қалпына келу процесі жақсы жүріп жатыр, мен дәрігерлер мен мамандардың толық бақылауымен жаттығудамын. Реабилитация үшін барлық жағдай жасалған, клуб басшылығына және жаттықтырушыларға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамын. Қашан дайын болатынымды нақты айта алмаймын, бірақ қадамдап алға жылжимын, өз денемді тыңдай отырып.

 — Команданы Андрей Мартин басқаруға келді. Жаңа маманмен танысу қалай өтті?

— Иә, біз кездесіп, сөйлесіп үлгердік. Танысып, ағымдағы жағдайды талқыладық. Бір-бірімізді түсінеміз, бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр.

— Жаңа маусымға команда алдына қандай мақсаттар қойылды және жеке өзіңіз үшін қандай мақсаттар бар?

— Біздің клуб үшін ең жоғары мақсаттар қойылған. Біз нәтиже үшін жұмыс істейміз, әр ойында жеңіс үшін күресеміз. Ең бастысы — жақсы жаттығып, чемпионат басталғанға дейін пік формаға жету. Менің жеке мақсатым — жанкүйерлерді қуанта отырып, туған клубқа барынша пайда әкелу.

— Қазақстан құрамасын Али Әлиев тізгінін ұстады, ол құраманы жасарту қажеттігін айтты. Оның құрамға келуі туралы не айтасыз, және құраманың ойыншысы болуға ниетіңіз бар ма?

— Шынын айтқанда, мен әлі оны жеке танымаймын. Жаңа қызметінде сәттілік тілеймін. Әрине, менің арманым — ұлттық құраманың ойыншысы болу, сондықтан құрамға шақыру үшін өзімді барынша көрсетуге тырысамын.



Күн шежіресі